Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында белгісіз ер адам оқушы қызды ұрлап, басқа ауылға апарған

Алматы облысында белгісіз біреу қызды ұрлап, басқа ауылға алып кеткен, деп хабарлайды polisia.kz

06.06.2023
Аймақ
Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде әйелдің кішкентай қыз бен ер адамды камераға түсіріп алған видеосы тарады. Соңында ер адам «қызымен» қыдырып жүргенін айтады. Бірақ кішкентай қыз жылап, бұл әкесі емес екенін айтқан. Осыдан кейін өзін Руслан деп таныстырған белгісіз біреу жылап тұрған оқушы қызды әйелмен бірге қалдырып, сол маңнан асығыс кетіп қалады.

Алматы облысының прокуратурасы мәліметінше, оқиға 4 маусымда таңертең Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылында болған. Видеодағы ер адамның кім екені белгілі болды. Ол Жаркенттің 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Сағат 10:00 шамасында 1987 жылы туған Р. есімді ер адам Жамбыл ауданы Фабричный ауылынан кәмелетке толмаған қызды алып, Қарасай ауданы Жібек жолы ауылына алып келген. Кішкентай қыз өтіп бара жатқан әйелден көмек сұраған. Әйел Қарасай ауданының полициясына хабарласқан. Сағат 11:20 шамасында қоңырау келіп түскеннен кейін күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта іс аумақтылығы бойынша Жамбыл аудандық полиция басқармасына жіберілді. Бұл факт аудандық прокуратураның бақылауында», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz