Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауылдық денсаулық сақтау нысандары жаппай салынып жатыр

Алматы облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 38 медициналық мекеменің құрылысы бекітілген болатын. Қазіргі уақытта, соның 17-сі қолданысқа берілді.

Мөлдір Иманмади
26.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Сонымен қатар биыл жергілікті бюджет есебінен 7 медициналық мекеменің құрылысы басталды. Оның ішінде Жамбыл ауданында емхана, ал Райымбек, Қарасай, Еңбекшіқазақ және тағы бірқатар аудандарда дәрігерлік амбулаториялар салынуда. Бұдан бөлек, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында, Райымбек ауданының Нарынқол, Тегістік, Үштерек ауылдарында, Қарасай ауданының Абай ауылында және Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылында 6 нысанның құрылысы жүріп жатыр. 2024 жылы Еңбекшіқазақ, Балқаш және Райымбек аудандарында 3 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді, сондай-ақ 4 объектіде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы Еңбекшіқазақ ауданының 5 ауылына блокты-модульді кешен орнатуға қаржы бөлінді. Жалпы, Алматы облысында жыл соңына дейін 21 жаңа медициналық мекеме іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ұлттық жобаның басты мақсаты – шалғайдағы ауыл тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамту.

Ұлттық жоба аясындағы жұмыстар ауылдық денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттырып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру деңгейін де жақсартуға ықпал етеді.

Тегтер: «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»Алматы облысыБасты жаңалықтарденсаулық

Соңғы жаңалықтар

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz