Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда: егістік көлемі ұлғайып, инвестиция тартылуда

Алматы облысында егістік алқаптарының көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 3,8 мың гектарға артып, биыл 427,7 мың гектарға жетпек, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл өсім негізінен дәнді және жем-шөп дақылдарына тиесілі. Көктемгі жер жырту және ылғал жабу жұмыстары 357,2 мың гектар аумақта жоспарланған.

Өсімдік шаруашылығын дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы тұқым шаруашылығын дамытуға, басым дақылдарды қолдауға және тыңайтқыштарды субсидиялауғабағытталады. Сонымен қатар, суармалы судың құнын арзандатуға 750 млн теңге қарастырылған.

Фермерлерді қаржылай қолдау аясында «Кең дала» бағдарламасы арқылы 15,7 млрд теңге жеңілдетілген несиебөлінді. Бүгінде «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-на 1,3 млрд теңгеге 36 шаруашылық өтінім өткізген.

Көктемгі егіс науқанына дайындық қалай жүріп жатыр?

Қазіргі уақытта Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына қызу дайындық жүргізілуде. Фермерлер қажетті тұқым қорымен толық қамтамасыз етілген.

  • Жеңілдетілген бағамен 4 650 тонна дизель отыны бөлінді, әр литрі 250 теңгеден ұсынылады.
  • Мұнай базаларынан 20 наурыздан бастап дизель отыны беріле бастайды.
  • 16 мың тонна минералды тыңайтқыш алынған, қосымша 77 шаруашылық «ҚазАзот» АҚ-мен 1 334 тонна тыңайтқышқа келісім-шарт жасасты.

Ауыл шаруашылығына минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі 25%-ға ұлғайтылып, 60,8 мың тоннаға дейін жеткізілмек. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл бастаманың топырақ құнарлылығын сақтауға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мәселесі өзекті

Қазіргі таңда облыстағы ауыл шаруашылығы техникасының 58%-ы 25 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Осыған байланысты, биыл 665 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу жоспарланып отыр.

Фермерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында су үнемдеу технологияларын енгізу шаралары да күшейтілмек. 2024 жылы 70,5 мың гектарға енгізу жоспарланғанымен, тек 43,6 мың гектарда ғана жүзеге асты. 2025 жылы бұл көрсеткішті 93,6 мың гектарға жеткізу көзделуде.

Ауыл шаруашылығына құйылған инвестиция өсуде

2024 жылы Алматы облысының ауыл шаруашылығына құйылған инвестиция көлемі 25,1 млрд теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 41,2%-ға артты.

  • Азық-түлік өндірісіне салынған қаржы 19,2 млрд теңгені құрады.
  • Инвестициялардың артуы аграрлық сектордың тартымдылығы мен даму әлеуетінің жоғары екенінкөрсетеді.

Жергілікті билік фермерлерге қажетті ресурстарды, қаржыландыруды және инфрақұрылымдық қолдауды қамтамасыз етті. Ендігі міндет – ұсынылған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, көктемгі егіс науқанын табысты өткізу.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

52 млн саженцев высадят в Алматинской области до 2027 года

Николай Иващенко
24.04.2026

Нацбанк сохранил базовую ставку на уровне 18%

Николай Иващенко
24.04.2026

Токаев посетил Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai

Николай Иващенко
24.04.2026

Врачи Алматинской области провели уникальную операцию

Николай Иващенко
24.04.2026

Развитие Алматинской агломерации: акцент на экологии, транспорте и социальной инфраструктуре

Николай Иващенко
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz