Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауыл әйелдеріне арналған өңірлік форум өтті

Алматы облысының Жамбыл ауданында «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты өңірлік форум өтті. Шараға облыстың түрлі ауылдарынан келген шамамен 340 белсенді әйел қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Форум 8 қараша күні Ұзынағаш ауылында өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Ауыл» партиясының және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның негізгі мақсаты – ауылдық жерлердегі әйелдердің көшбасшылық әлеуетін нығайту және олардың кәсіпкерлікке, білімге, әлеуметтік қолдауға қолжетімділігін кеңейту.

Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылды дамытуға бағытталған саясатының аясында жүзеге асып отыр.

Форумның ашылуында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас, Ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сарсенбаева және «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали сөз сөйледі.

Пленарлық отырыста «Ауылдық жерлердегі әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбы талқыланды. Қаржыландыру, гранттар, жеңілдетілген несие, ауыл кәсіпкерлігін қолдау және экспортқа бағытталған жобаларды дамыту мәселелері көтерілді.

  • Кәсіпкерлік басқармасы мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несие шарттарын таныстырды

  • Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы әлеуметтік төлемдер мен қайтарымсыз жәрдемақы бағдарламалары туралы баяндады

  • Ауыл кәсіпкерлері кооперацияның маңызын айтты

  • Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту кеңесі әйелдердің экономикалық өсімге қосатын үлесін атап өтті

Форум аясында ауыл әйелдері жасаған қолөнер және ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесі өтті.

Форумда айтылған ұсыныстар мен шешуді қажет ететін мәселелер жинақталып, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссияның сараптамалық базасына енгізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұсыныстар орталық мемлекеттік органдарға жолданады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz