Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлады: тұрғындар мен жүргізушілерге сақтық шараларын күшейту ескертілді

Алматы облысында соңғы тәулікте ауа райы күрт өзгеріп, жаңбырдың соңы қарға ұласты. Әсіресе таулы аймақтарда жауын-шашын екі күннен бері тоқтамай, өңір тұрғындары мен жол қозғалысына қауіп төндіріп отыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай қызметтері мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Синоптиктердің мәліметінше, облыстың оңтүстік бөлігінде нөсер жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Таулы өңірлерде қар қалың жаууы мүмкін. Солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ орын алады деп болжануда. Алматы және Қонаев қалаларында да осыған ұқсас метеорологиялық жағдай тұман, көктайғақ және қарлы жаңбыр болады деп күтіледі.

Құтқару қызметтері, медицина ұйымдары және полиция күшейтілген режимде жұмысқа көшті. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қосымша күш жұмылдырған.

Мамандар жүргізушілерге арнайы сақтық шараларын ұстануды ескертті. Атап айтқанда:

  • жазғы дөңгелектерді шұғыл түрде қысқы үлгіге ауыстыру;

  • жылдамдықты шектеу және көліктер арасындағы қашықтықты сақтау;

  • мүмкіндігінше алыс сапарлардан уақытша бас тарту;

  • таулы және республикалық маңызы бар трассаларда аса мұқият қозғалу.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға жаяу жүргіншілердің де қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады — көктайғақта абай болу, қажетсіз жағдайда далаға шықпауды ұсынады.

Метеорологтар қолайсыз ауа райы 5 қараша күні бойы сақталатынын ескертті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz