Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алғашқы жеке футбол мектебі ашылады

Райымбек ауылдық округіне қарасты Құмтоған ауылында еліміздегі алғашқы жеке меншік мамандандырылған футбол мектебінің құрылысы жүріп жатыр. Ауқымды жобаны «Jeyran» футбол клубы қолға алған. Мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Футбол мектебі бір мезетте 1000-ға жуық шәкіртті қабылдай алады. Мұнда 4 пен 18 жас аралығындағы балалар жаттығу жасап, түрлі жарыстарға қатысады, онлайн мектепте білім алып, жатақханада тұрады.

Жобаның негізін қалаушы Асхат Машановтың айтуынша, бұл бастама – Алматы қаласында 2016 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Jeyran» футбол клубының тәжірибесін облыс деңгейіне көшірудің нақты көрінісі. Қазіргі таңда клубта 1800-ден астам бала жаттығуда.

«Құрылысын былтыр бастадық, келесі жылы толық аяқтаймыз. Бұл кешенде балаларға барлық жағдай жасалады», — дейді Асхат Машанов.

Жоба құны – шамамен 1 миллиард теңге. Қаржы директоры Абай Қанатаевтың айтуынша, кешен болашақ кәсіби футболшылармен қатар, білікті жаттықтырушыларды да дайындайтын орталыққа айналмақ. Оқу орны еуропалық стандартқа сай алаңдармен, заманауи инфрақұрылыммен жабдықталады.

«Біздің мақсат – кәсіби футболшыларды даярлау. Бүгінде клубтан үш шәкірт ұлттық құрамаға енді, тағы бірнешеуі кәсіби командаларда ойнап жүр», — дейді ол.

Жалпы аумағы 7 гектарды қамтитын кешенде төрт блоктан тұратын ғимараттар мен жасыл алаңдар, 3 мың орындық көрермен трибунасы салынуда. Құрылыстың 20%-ы бүгінде аяқталған.

Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбектің айтуынша, бұл жоба бұқаралық спортты дамытуға тың серпін береді:

«Бұл – өңір үшін маңызды жаңалық. Балаларды спортқа баулумен қатар, әлеуметтік осал топтағы балаларға да мүмкіндік туып отыр. Жеке және мемлекеттік әріптестік аясында қолдау көрсететін боламыз», — деді ол.

Жоспар бойынша, футбол мектебі келесі жылдың жазында толық іске қосылады. Бұл – Қарасай ауданындағы спортсүйер өрендер үшін зор серпін, ал футболды арман еткен балалар үшін нақты мүмкіндік болмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

52 млн саженцев высадят в Алматинской области до 2027 года

Николай Иващенко
24.04.2026

Нацбанк сохранил базовую ставку на уровне 18%

Николай Иващенко
24.04.2026

Токаев посетил Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai

Николай Иващенко
24.04.2026

Врачи Алматинской области провели уникальную операцию

Николай Иващенко
24.04.2026

Развитие Алматинской агломерации: акцент на экологии, транспорте и социальной инфраструктуре

Николай Иващенко
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz