Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 387 жас кәсіпкер несие алып, бизнесін жүргізуде

Соңғы екі жылда Алматы облысындағы жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 3,9 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржы жастардың бизнес бастамаларын дамытуға және олардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бүгінгі таңда Алматы облысында шамамен 387 жас несие алып, өз кәсібін сәтті жүргізіп келеді. Сонымен қатар, биыл өңірдің тағы 392 жас тұрғыны кәсіпкерлік қызметін бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Amanat» партиясы жанындағы жастарды қолдау кеңесінің отырысында белгілі болды.

Кеңес жастардың әлеуметтік және қоғамдық мәселелерін шешуге ықпал етуді мақсат етеді. Осы мақсатта биыл жастарды қолдауға бағытталған 12 тармақтан тұратын кешенді жоспар бекітілген.

«Жастар кеңесінің құрамында әртүрлі саланың мамандары бар. Олардың қатарында дәрігерлер, спорт саласының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, журналистер және белсенді жастар кездеседі. Біз өңірдегі мемлекеттік құрылымдар мен сала басшыларын тыңдап, олар қабылдаған жастарды қолдау шаралары туралы білдік. Сонымен қатар, өз ұсыныстарымызды енгізуді жоспарлап отырмыз», – деді «Amanat» партиясы жанындағы жастарды қолдау кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz