Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 1200 тұрғыны бар ауылға жаңа фельдшерлік пункт ашылды

Алматы облысы Балқаш ауданына қарасты Миялы ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылып, 1200-ден астам тұрғын алғашқы медициналық көмекті енді өз ауылынан ала алатын болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Енді жергілікті халық қала немесе аудан орталығына сабылып бармай-ақ, қажетті қызметтерге қол жеткізе алады.

 Бұл жоба «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, құрылысына облыстық бюджеттен 220 млн теңге бөлінген. Жаңа медициналық мекеме 15 бөлмеден тұрады, толықтай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

 Ғимаратқа ауыз су және кәріз жүйелері тартылған. 270 шаршы метр аумақта орналасқан нысан бір мезетте 15 адамға дейін қызмет көрсете алады. Құрылыс небәрі 4 айда аяқталып, бүгінгі таңда толық пайдалануға берілді.

Балқаш аудандық партия филиалының төрағасы Марат Ноғайбайдың айтуынша, ауыл тұрғындары енді талдау тапсыру немесе жолдама алу үшін 55 шақырым жердегі аудан орталығына бармайды. Бұл – шалғай ауылдарға медициналық көмекті жақындату жолындағы нақты нәтиже.

 Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлімбек Тәжіковтің мәлімдеуінше, бұл – жалғыз жоба емес. Жыл соңына дейін өңірде 30-дан астам медициналық мекеме ашу жоспарланып отыр.

 Сонымен қатар, ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін шешу үшін жас мамандарға 10 млн теңге көлемінде жәрдемақы қарастырылуда. Қазірдің өзінде аса сұранысқа ие мамандықтар иелеріне 8,5 млн теңге көлемінде бір реттік төлем беру жоспарланған. Бұл қолдау кемінде 5 жыл ауылда жұмыс істеу шартымен жүзеге асады.

Биылдың өзінде өңірде:

  • 15 дәрігерлік амбулатория

  • 12 фельдшерлік-акушерлік пункт

  • 11 медициналық пункт
    салынбақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz