Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Ұйғыр ауданының спортшылары әлемдік аренаны бағындыруда

Биыл Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатында армрестлингтен 15 жастағы Ұйғыр ауданының спортшысы екі дүркін чемпион атанды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2025
Алматы облысы, Жаңалықтар

Осы жетістікке орай және өңірдегі спорт мәселелерін талқылау мақсатында аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде маңызды кездесу өтті. Құрметті қонақ ретінде атақты спортшы Армия Ушуров шақырылды.

93 жастағы спортшыны жұрт ерекше құрмет тұтады. Ол жеңіл атлетикадан Қазақ КСР-нің 12 мәрте чемпионы атанған жалғыз спортшы ретінде ел есінде қалған. Кездесу барысында ардагер спорттың маңыздылығына тоқталып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Ал 15 жастағы спортшы Раушан Тоқтарбай өз жетістіктерімен бөлісті:

«Армрестлингке 2022 жылы келдім. Бір жылдың ішінде Алматы облысының чемпионы атандым, Қазақстан чемпионатында 3-орын иелендім. Соңғы жетістігім – Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатында бас жүлдені иеленуім», – деді Раушан.

Жалпы, бұл спорт мектебінің іргесі 1971 жылы қаланған. Мұнда баскетбол, волейбол, футбол, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі, армрестлинг, бокс секілді 11 спорт үйірмесінде 1048 бала жаттығады.

«2024 жылы 134 спортшымыз түрлі біріншіліктерде жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 42 алтын медаль бар. Нысанның ескі екені рас. Алайда, жаттығу мен спортқа бейімделу үшін ең алдымен баланың бойында талпыныс болуы қажет. Алдағы жылдары жаңа спорт нысаны ашылады деп күтілуде. Сол жаңалықты асыға күтіп жүрміз», – деді мектеп директоры.

Бұл мектепте тағы бір ерекше спортшы жаттығады. Ол – Рахметжан Хамраев. Бала күнінде жұлынынан жарақат алып, аяқтары жансыз қалғанына қарамастан, ол спортты серік етіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

«Пауэрлифтингпен 2012 жылдан бастап айналысамын. Спортқа әкем әкелді, мен бірден келістім. Өзімнің мүгедектігіме мән бермедім. Басқалармен тең жаттығып, Азия ойындары, Әлем және Қазақстан чемпионаттарында жүлделі болдым. Париждегі жазғы Паралимпиадаға қатысып, бірнеше әлем рекордын жаңарттым. 206 келі салмақтағы штанганы көтеріп, бір белесті бағындырдым. Бұл мен үшін үлкен жетістік», – деді спортшы.

Рахметжан жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды:

«Балаға тәрбие беру үшін ата-ананың өзі үлгі болуы керек. Балалар естігенін емес, көргенін істейді. Мен сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарды және барлық жастарды спортпен айналысуға шақырамын. Қандай жағдай болмасын, жаттықтырушылар әрқашан қолдау көрсетеді. Адам өз-өзінен ұялмауы тиіс. Сонда ғана биіктерді бағындырады», – деп түйіндеді ол.

Осы жетістіктер мен табысты спортшылардың өмір жолдары Ұйғыр ауданында спорт саласының қарқынды дамып келе жатқанын айғақтайды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz