Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Қонаевта кәріз-сорғы станцияларын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Қонаев қаласында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту аясында кәріз-тазарту жүйесін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Күні кеше қаладағы кәріз-тазарту нысанын жаңарту жобасы туралы хабарланған болатын. Бүгінгі таңда 11 кәріз-сорғы станциясын (КСС) күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2025
Алматы облысы
Аталған жұмыстар 2023 жылдың қазан айында басталған. Жоба аясында КСС №1-ден №11-ге дейінгі барлық станция жаңартылуда. Жобаның тапсырыс берушісі — Қонаев қаласының ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

Атқарылған жұмыстар:

  • 11 КСС-тің 9-ында жер жұмыстары мен құбырлар төсеу толық аяқталды.

  • 9 станцияға (№1, 3, 4, 4А, 5, 6, 7, 8, 9) резервтік сорғы станциялары орнатылды.

  • 7 КСС-ке (№1, 4, 5, 6 — жартылай, 7, 8 — 1 насос, 9) көлденең сорғылар орнатылды.

  • Электр желісіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кейбір нысандар бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на техникалық шарттар алуға өтінімдер жолданған.

  • Көптеген станцияларда ғимараттардың сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды.

  • Бірқатар учаскеде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қоршаулар орнатылды және асфальтбетон жабындысы жартылай төселді.

Қазіргі уақытта жалғасып жатқан жұмыстар:

  • №4А, №6, №11 КСС-те ішкі әрлеу, электрмен жабдықтау, аумақты абаттандыру және жол жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

  • №11 КСС-те ең ауқымды жұмыстар жоспарланған: мұнда 8 резервтік және 2 көлденең сорғы орнату көзделген.

  • Электромонтаж жұмыстары техникалық шарттар алынбаған станцияларда жалғасуда.

  • Тікбұрышты құдықтар орнату және қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Нақты деректер:

Орнатылған:

  • 9 резервтік сорғы станциясы

  • 11 көлденең сорғы

Қосымша орнатылатын:

  • 8 резервтік сорғы станциясы (тек №11 КСС бойынша)

  • 6 көлденең сорғы (№3, №4А, №6, №11 КСС)

Қонаев қаласындағы кәріз-сорғы станцияларын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда және көптеген нысандарда аяқталуға жақындап қалды. Бұл ауқымды жаңғырту жобасы қаладағы кәріз жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін едәуір арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз иістердің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

Полицейские провели профилактическое мероприятие для школьников в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

Берег реки Или очистили активисты в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

500 млн тенге алиментов взыскали в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

В Талгаре открылся новый молодежный центр

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz