Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Қаржылық қауіпсіздік – сіздің қырағылығыңыздан басталады

Акжаркын
10.07.2026
Алматы облысы, Мақала

Интернет-алаяқтық пен қаржы пирамидалары азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне төнетін ең кең таралған қауіптердің бірі болып қала береді. Алаяқтар адамдардың ақшалай қаражаты мен жеке деректерін иемдену үшін жеңіл табыс, жоғары кіріс немесе тиімді инвестиция ұсынамыз деген желеумен түрлі алаяқтық тәсілдерді қолданады.

Өзіңізді алаяқтардан қорғау үшін ешқашан бөгде адамдарға жеке деректеріңізді, банк картасының реквизиттерін, CVV-кодын, бір реттік SMS-кодтарды немесе құпиясөздеріңізді бермеңіз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, бейтаныс адамдардың өтініші бойынша белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз және үшінші тұлғалардың қысымымен ешқандай қаржылық операцияларды жасамаңыз.

Әсіресе, жоғары табысқа немесе кепілдендірілген пайдаға уәде беретін инвестициялық ұсыныстарға ерекше сақтықпен қараған жөн. Есіңізде болсын: оңай әрі тез пайда табуға қатысты уәделердің көпшілігі қаржы пирамидасының немесе алаяқтық схемалардың белгісі болуы мүмкін. Қаражат салмас бұрын ұйымның қызметінің заңдылығына көз жеткізіп, оның тиісті лицензияларының бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіз.

Қырағылық таныту, күмәнді ұсыныстарға сын көзбен қарау және цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым қағидаларын сақтау жинаған қаражатыңызды сақтап, қаржылық шығындардың алдын алуға көмектеседі. Есіңізде болсын: сақтық пен мұқияттылық – алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы.

Тегтер: интернет-алаяқтық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының өнімдері Алматыда 20–30% төмен бағамен сатылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында Спорт күні аталып өтіп, үздік спортшылар марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Тамыз кеңесі: Алматы облысындағы 5 мектеп еліміздің ең үздік 100 білім ошағының қатарына кірді

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында жаңа оқу жылына бес мектеп ашылып, 10 білім ошағы жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz