Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Нұра ауылындағы мектепті жөндеу: мердігерге қойылған талаптан кейін нәтиже қандай болды?

Алматы облысының әкімдігі тарапынан Нұра ауылындағы №12 орта мектепті күрделі жөндеу төңірегіндегі жағдайға түсініктеме берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.07.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Айта кетейік, 2023 жылы мектепте күрделі жөндеу басталып, оған бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінген болатын. Мердігер «SHEBERBUILD» ЖШС.

Жөндеу жұмыстары ұзаққа созылғандықтан, 2024 жылдың 27 ақпанында Талғар ауданының білім бөлімі мердігерді жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтамады деп айыптап, сотқа берді. 27 мамырда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «SHEBERBUILD» ЖШС-ні мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп таныды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Сот процестеріне қарамастан, мектепті жөндеуді қаржыландыру жалғасуда. Маусым айында мердігерге 94,1 млн теңге аударылған.

«Мектепті жөндеу жұмыстары әкімдіктің ерекше бақылауында. Барлық жұмыстар ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады деп күтіп отырмыз. Балалар 1 қыркүйекте мектепке барады», — деді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек.

Барлығы 11,5 мың адам тұратын Нұра ауылдық округінде үш мектеп бар. Нұра ауылындағы №12 орта мектепте 1146 бала оқиды.

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі мектептердегі орын тапшылығымен белсенді күресуде. «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында мұнда 5700 оқушыны қабылдай алатын жеті жаңа орта мектеп салынып жатыр. Жаңа мектептер Айғаным, Жалғамыс, Төнкерис, Талдыбұлақ, Қызылту, Жаңалық және Жүзбастау ауылдарында салынады.

Жаңа мектептер салу – бұл қажеттілік, өйткені аудан қарқынды дамып келеді. Мұнда халық санып күн сайын көбейіп жатыр, туу деңгейі жоғары. Қазір ауданның 43 мектебінің алтауы үш ауысымда жұмыс істейді. Биліктің жоспарында 11,1 мың орындық 12 жаңа мектеп салу бар. Жақында билік өкілдері Жаңалық және Талдыбұлақ ауылдарындағы мектеп құрылысының барысын тексерді.

Тегтер: мектеп

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz