Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Биыл Алматы облысы ормандарында 2 өрт тіркелді

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжехан қазіргі кезде өрт сөндірушілер Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртін сөндіріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.04.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар

Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД 40-қа жуық адам және 10-нан астам техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жақын маңдағы Қараой ауылына қауіп жоқ.

Самат Кенжеханның айтуынша, табиғи өрт ауа-райының қолайсыздығынан, алқаптарда азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан тұтанады.

«Осыған байланысты департамент қызметкелері арнайы рейдтік іс-шаралар өткізуде. Шараға азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен ЖАО-дан 55 адамнан тұратын 6 мобильдік топ құрылды», – деді ТЖД өкілі Самат Кенжехан.

Бұдан бөлек, орман-дала өрттерін болдырмау мақсатында облыс аумағында республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының минералданған жолақтарын, орман алқаптары мен егіс алқаптарының айналасына орналастыру және күту бойынша жұмыстар жүргізілген.

Сондай-ақ басқарма басшысы орман шаруашылықтарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіліп жатқанын айтты.

Жалпы өрттің қауіпті кезеңі 2 наурыздан 1 қарашаға дейін жалғасады. Осы кезең аралығында төтенше жағдайдайлар қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Тегтер: өрт

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz