Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысының мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

Алматы облысының Білім басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы 2024-2025 оқу жылында өңірде 1747 білім беру мекемесі жұмыс істейді, олардың ішінде 473 жалпы білім беретін мектеп, 1161 мектепке дейінгі мекеме, 40 колледж және 33 қосымша білім беру ұйымы бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.08.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Жаңа оқу жылында 351 796 оқушы білім алуды бастайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға артық.

Дауыспекқызының айтуынша, оқу сапасын арттыру және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Мәселен, биыл 73 мектеп жаңа модификациядағы пән кабинеттерімен жабдықталды. Бұл оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, 22 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Алматы облысының Білім сапасында қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ержан Сапарұлының айтуынша, оқу нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы 6 талап бойынша тексерілген.Атап айтсақ, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының аяқталуы, білім ордаларының қауіпсіздігі,санитарлық тораптардың болуы,спорт залдары мен асханалардың,жаңа модификациядағы пәндік кабинеттердің және робототехника кабинеттерінің болуы, білім беру ұйымдарында интернет желісінің қолжетімділігі тексерілді.

«Біз білім сапасын арттыру мақсатында биыл 430 мектепке бірқатар мониторинг жұмыстарын жүргіздік. Бұл мониторингтердің нәтижелері бізге аймақтағы білім беру деңгейін жетілдіруге мүмкіндік береді», — деді Ержан Сапарұлы.

Ол өңірде мектептердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Барлық мектептерде бейнебақылау жүйелері, дабыл түймелері және турникеттер орнатылып, 117 мектеп полицияның жедел диспетчерлік пункттеріне қосылғанын айтты.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 100 жас спортшы жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама алды

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

Алматы облысында нөсерден кейін Тұрген өзені тасып, туристер эвакуацияланды

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі

Диана Ахметова
02.07.2026

Алматы облысында техникалық білім беру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz