Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қос бірдей табиғи монополия субъектілеріне қатысты жол картасы әзірленді

«Alatau Public Utilites» ЖШС бас директоры Асқар Алмабекұлы Алматы облысында «Талғар су» және «Есік су» мемлекеттік табиғи монополиялар субъектілерін оңтайландыру жөніндегі жол картасы бекітілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2024
Аймақ, Алматы облысы

Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, «Талғар су» және «Есік су» мемлекеттік комуналдық кәсіпорындары 200 мың адамға қызмет көрсетеді. Алайда, мұндағы су желілерінің тозығы 60 пайыздан асады. Түйіткілдің түйінін тарқату үшін, бүгінде қос кәсіпорынның мүліктері «Alatau Public Utilites» ЖШС иелігіне өтпек. Артынша, серіктестік Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында энергия үнемдеу технологияларын қолданы отырып, процестерді автоматтандыруды және цифрландыруды енгізу арқылы сумен жабдықтау жүйесін жетілдіруді қолға алады.

«Қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру желілеріне толық техникалық тексеру жүргіземіз. Қос аудандағы су желілерін жөндеуден өткізіп, қайта жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге кірсеміз», — деді «Alatau Public Utilites» ЖШС бас директоры Асқар Алмабекұлы.

Жоғарыда аталған жұмыстар «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, «Талғар су» коммуналдық кәсіпорны 33 елді мекенді, ал «Есік су» мемлекетттік коммуналдық кәсіпорны 26 елді мекенді сумен қамтамасыз етіп отыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz