Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында «Есірткісіз болашақ» айлығында 70 іс-шара өткізілді

26 мамыр мен 26 маусым аралығында өткен есірткіге қарсы айлықтың нәтижелері туралы облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаров баспасөз мәслихатында баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Спикердің айтуынша есірткіге қарсы айлық республикалық көлемде өткізілді. Алталмыш іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және жастар орталықтары қатысты.

«Бір айдың ішінде аймақта «Есірткісіз болашақ» қамқорлығымен 70 түрлі іс-шара өткізілді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының көмегімен 30 спорттық турнир мен эстафета ұйымдастырылып, олардың көпшілігіне жасөспірімдер қатысты. Сондай-ақ, жастар-ресурстық орталығымен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен 5 сурет конкурсы және есірткі сайттарының барлық түрлерін жарнамалайтын граффити бояу бойынша 18 акция өткізілді. Денсаулық сақтау және білім басқармаларымен бірлесе отырып, жастарға есірткі диспансері мен психикалық денсаулық орталықтарында «ашық есік күндері»ұйымдастырылды. Жазғы белсенді демалыс орталықтарында жасөспірімдермен кездесулер жүргізілді. Барлық іс — шараларда ақпараттық буклеттер, есірткіге қарсы атрибуттары бар футболкалар таратылды», — деді Ардақ Қайсаров.

Журналистердің көптеген сұрақтарына жауап бере отырып, спикер өңірдің құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленгенін атап өтті, Олардың ішінде героин, марихуана, гашиш, «синтетика» және басқа түрлері бар

Арнайы жедел — іздестіру іс-шаралары барысында 28 есірткі сатушының қылмыстық әрекетін тоқтатып, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірумен айналысатын 6 адамды ұстады, сондай-ақ Қарасай, Іле, Жамбыл, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында бұрын жұмыс істеген 10 есірткі зертханасын анықтап, жойған.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қапшағай су қоймасында екі жас суға батып көз жұмды

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026

Алматы облысында екі iPhone алған салықшылар 100 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026

Алматы облысында жасөспірімдер ер адамды соққыға жыққан

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026

Алматы облысында құтқарушылар ауладан жылан ұстады

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz