Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында АИТВ-ға шалдыққан адамдардың 86% -ы ем қабылдайды

Аталған инфекция бойынша өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Мемлекеттік кәсіпорының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Самал Кожалимованың сөзінше, биылғы жылдың алғашқы төрт айында 109 адам анықталды. Анықталған 109 адамның 8,1% — 20-29 жасқа, 14,8% 30-39 жас арасында тіркелген.

«Облыста АИТВ жұқпасына қатысты эпидемиологиялық жағдай қалыпты. Жалпы облыста бұл ауруға шалдыққан 2440 науқас диспансерлік есепте тұр. Оның ішінде 44-і 14 жасқа дейінгі бала», — деді Самал Кожалимова.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда вирусты жұқтырғандардың жас шамасы 15 пен 49-ды құрайды. Статистикаға сүйенсек,әйелдер мен ерлер саны тең.

«АИТВ инфекциясы 3 түрлі жолмен жұғады. Қанмен немесе қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы және жүктілік кезінде анадан балаға беріледі. Вирус адам ағзасына түскеннен кейін бірден пайда болмайды. 3-6 айдан кейін ғана анықталады. Себебі, инвекция бірден клиникалық көрініс бермейді. Сондықтан адамдар өздерін жақсы сезініп жүре береді. АИТВ — ны тек қана қан тапсыру арқылы сараптама нәтижесінде анықтайды. Осы індеттен өзімізді және жақындарымызды қорғау үшін барлық қорғану шараларын қабылдауымыз керек», — деді Ляззат Алмасбекқызы.

Айта кетейік, кез келген адам АИТВ-ны анықтау үшін құпия және ерікті түрде учаскелік емханаға немесе ЖИТС орталығына барып қан тапсыруына болады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz