Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы жылыту маусымына толық дайын

Алматы облысы алдағы жылыту маусымына толық дайын. Өңірдің бірнеше ауданында жылу беру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Маусымға дайындық аясында 2,7 шақырым жылу желісі жаңартылды, оның ішінде 2,0 шақырымына күрделі жөндеу, 0,7 шақырымына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бұл шаралар желілердің тозу деңгейін 42%-дан 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта 18 орталықтандырылған және 81 блок-модульді қазандықта жөндеу және дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы дайындық деңгейі 71%-ды құрайды. Барлығы 30 қазан жөнделіп, оның 5-іне күрделі, 25-іне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 148 қосалқы станцияда жұмыстар толық аяқталды, ал 1 626 шақырым электр беру желісі жаңартылуда. Оның 391 шақырымы бюджет қаражаты есебінен (орындау – 92%), ал 1 235 шақырымы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ инвестициялары есебінен (орындау – 100%) жөнделіп жатыр. Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 72%-дан 66%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Халықты отынмен қамтамасыз ету мақсатында 696 мың тонна көмір қарастырылған. Бүгінгі таңда өңірге 187 мың тонна (2 710 вагон) көмір жеткізілді.

Ауа райының салқындауына байланысты жылыту маусымы келесі аудандарда басталды:

  • Кеген ауданында – 24 қыркүйектен бастап;
  • Жамбыл ауданында – 1 қазаннан бастап;
  • Талғар, Іле аудандарында және Қонаев қаласында – 6 қазаннан бастап.

Қалған аудандар мен қалаларда жылу беру кезең-кезеңімен 15 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz