Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы тұрғындарының назарына!

Қазақстанның барлық ірі қалаларында ұйымдастырылып жатқан «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция аясында Алматы облысында да ауқымды іс-шара өтпек, деп хабарлайды alataunews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысы әкімдігі 2025 жылғы 30 мамыр күні, сағат 17:00-де Қонаев қаласында және облыс аумағындағы барлық аудан орталықтарында «Халық заңгері» акциясының басталатынын хабарлайды.

Аталған акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін ұсыну. Әрбір азамат еліміздің заң саласының ең үздік мамандарынан тегін кәсіби кеңес алу мүмкіндігіне ие болады. Олардың қатарында:

  • атақты адвокаттар мен нотариустар,

  • прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары,

  • сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен өз саласының білгірлері бар.

Игі шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен жүзеге асады. Ұйымдастырушылар қатарында:

  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі,

  • ҚР Әділет министрлігі,

  • Zakon.kz желілік басылымы,

  • «Параграф» ақпараттық жүйесі,

  • Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік органдар мен еліміздің танымал заңгерлері бар.

«Халық заңгері» акциясы бүгінде игі дәстүрге айналып, қарапайым халықтың ризашылығына ие болып отыр. Форматы мен географиясы жағынан бұл шараның баламасы елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде де сирек кездеседі.

Іс-шара өтетін орындар мен жауапты тұлғалар тізімі:

№ Аудан Өткізу орны Жауапты тұлға Байланыс нөмірі
1 Қонаев қ. Қала орталығы, Жамбыл көшесі, 13 Тұрсын Марат Файзұллаұлы 8 (727) 724-30-99
2 Балқаш «AMANAT» партиясы ғимараты, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 75 Бекмағанбетов Олжас Саинович 8 (776) 261-44-44
3 Еңбекшіқазақ Мәдениет үйі, Есік қаласы, Абай көшесі, 31А Мұсаханов Райымбек Кенжебайұлы 8 (707) 577-57-90
4 Жамбыл Мәдениет үйі, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, 53 Төлеуқұлова Айнұр Сатыбалдықызы 8 (707) 992-22-63
5 Іле Арбат, Отеген батыр ауылы, Титова көшесі Пошан Айдана Дәуірбайқызы 8 (778) 447-98-09
6 Талғар Мәдениет үйі, Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 98 Сайлыбай Дінмұхамед Ерікұлы 8 (708) 159-10-05
7 Қарасай Мәдениет үйі, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 40 Амирханова Үміт Әділқызы 8 (775) 745-15-00
8 Кеген ХҚКО, Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 19а Сарыбаев Дархан Нұрасылұлы 8 (777) 345-09-07
9 Райымбек ХҚКО, Нарынқол ауылы, Амангелді көшесі, 22 Керімбаев Ернат Сайлаубайұлы 8 (705) 137-39-01
10 Ұйғыр Мәдениет үйі, Шонжы ауылы, Әл-Фараби көшесі, 67 Рамазанова Динара Мұратқызы 8 (702) 814-77-33
11 Алатау қ. ХҚКО, Жетіген шағын ауданы, Уәлиханов көшесі, 109А Құрманғали Ернат Қуатұлы 8 (700) 022-12-99

Құқықтық мәселелер бойынша көмек қажет болса – «Халық заңгері» акциясына келіңіз! Бұл – заңгерлермен бетпе-бет кездесіп, нақты шешім табудың тиімді жолы!

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz