Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы қысқы қауіпсіздікке сақадай сай

Қорлан Нұрланқызы
29.11.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысында қар басу, қар көшкіні, көктайғақ және жол-көлік апаттарының алдын алу шаралары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Дінмұхамет Құсайынұлы мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Өңірдегі жолдардың жалпы ұзындығы – 5741 шақырым, оның 1809 шақырымы республикалық, ал 3370 шақырымы облыстық маңызы бар. Қар басу және қар көшкіні қаупі бар 11 учаске анықталып, бұл аумақтарда арнайы дайындық жұмыстары жүргізілді.

Қысқы мезгілде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 11 жылыту және 4 медициналық құтқару пункті ұйымдастырылды. Бұл пункттер Жаңа-Арна, Күрті, Тарғап және Шелек бағытындағы стратегиялық маңызды жол учаскелерінде орналасқан.

“Қысқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 9481 тонна инертті материал және 127 қар тазалау техникасы дайын тұр. Жолдардағы қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінуде,” – деді Дінмұхамет Құсайынұлы.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ауа райы туралы ескертулер мен қауіпсіздік шаралары жайлы ақпараттандыру үшін «Darmen» мобильді қосымшасы мен ұялы байланыс операторлары арқылы үнемі хабар таратып отырады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz