Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы халықаралық туризм форумында екі беделді марапатқа ие болды

Ақтау қаласында 26 қыркүйекте өткен «Mangystau International Tourism Forum» аясында Алматы облысы бірден екі беделді марапатқа ие болып, елдің жетекші туристік өңірлерінің бірі ретіндегі жоғары мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Алғашқы марапат «ASP Арена» холдингінің бас директоры Олег Воронковқа табысталды. Ол Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат кәсіпкердің көп жылғы еңбегін және Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру жолындағы белсенді қызметін жоғары бағалау ретінде берілді.

Сонымен қатар, форум барысында демалушылардың пікірлері мен тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Қонаев қаласындағы №5 жағажай еліміздегі ең үздік жағажай деп танылды. Мұндай жоғары баға жағажайдың инфрақұрылымының сапасы, сервистік деңгейі және аумақтың абаттандырылуымен тікелей байланысты. Бүгінде бұл жағажай өңір тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналып отыр.

Алынған марапаттар Алматы облысының туризм саласындағы табысты саясатының нәтижесі екені сөзсіз. Өңірде соңғы жылдары инфрақұрылымды дамыту, туристерге жайлы жағдай жасау және инвестициялық тартымдылықты арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Жаңа демалыс аймақтары ашылып, жолдар мен инженерлік желілер жаңартылуда. Арнайы туристік маршруттар мен ақпараттық орталықтар іске қосылған. Мұның бәрі Алматы облысын Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азия кеңістігіндегі тартымды туристік өңірге айналдыруға бағытталған.

Осылайша, Алматы облысы өзінің жоғары туристік әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп, халықаралық деңгейде лайықты мойындауға ие болды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz