Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Әлеуметтік нысандар жылыту маусымына дайын

Алматы облысында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бүгінде өңірде 348 жылыту қазандығы пайдаланылады. Оның ішінде 165-і қатты отынмен, 107-сі газбен, 44-і сұйық отынмен, 21-і электр қуатымен жұмыс істесе, 11 нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

Алдағы маусымға қажеттілік көлемі анықталды: облысқа 2 181 тонна көмір, шамамен 1,94 млн литр сұйық отын және 98 текше метр газ қажет.

Қазіргі таңда өңірдегі барлық медициналық ұйымдарда отын сатып алу конкурстары аяқталып, жеткізушілер анықталды және келісімшарттар жасалды. Бірқатар медициналық мекемелер қажетті отын қорын алып үлгерді. Ал сұйық және қатты отынды жеткізу 1-15 қыркүйек аралығына жоспарланған.

Сонымен қатар қысқа дайындық аясында барлық нысандарда қысым сынақтары өткізіліп, техникалық жұмыстар жүргізілді. Қажетті жабдықтарға сервистік қызмет көрсетіліп, қазандықтардың ақаулы қосалқы бөлшектері ауыстырылды.

Жауапты органдардың мәліметінше, әлеуметтік нысандарды отынмен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда тұр. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары белгіленген кестеге сай жалғасуда.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz