Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Аида Балаева Аналар күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ел тұрғындарын Аналар күнімен құттықтады. Мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтілетін бұл мерекеде министр отбасы құндылықтарының маңыздылығына ерекше тоқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2026
Жаңалықтар

Өз құттықтауында министр ана бейнесінің қазақ мәдениеті мен қоғамындағы орны айрықша екенін атап өтті.

«Ананың ақылы мен өнегесі, сабыры мен мейірімі арқылы ұрпақтан ұрпаққа құрмет, ізет, жанашырлық, жауапкершілік сияқты асыл құндылықтар жалғасып келеді. Бұл құндылықтар – халқымыздың рухани тұтастығы мен елдігіміздің берік негізі», — деді Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда ана мен баланы қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру және «Жауапты ата-ана» бағдарламаларын ілгерілету көзделген.

Сондай-ақ Аида Балаева ананың шексіз махаббаты мен қолдауы бала өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі екенін атап өтті.

«Аналарымыз аман, шаңырақтарымыз шаттыққа толы болсын! Анамызбен бірге өткізген әрбір сәттің қадірін терең сезіндіретін мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға жылулық, махаббат, береке-бірлік пен амандық тілеймін», — деп түйіндеді сөзін министр.

Тегтер: Қазақстанмереке

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысында журналистерге пәтер кілті табысталды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы Тәжікстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Тоқаев әскерге шақыру рәсімін жаңа форматта өткізуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz