Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әскери қызметкердің өліміне қатысты іс бойынша үкім жарияланды

Алматы гарнизонының әскери сотында Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздың қаза болуына қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 23 қыркүйекте жеке құрамның қарумен жұмыс істеуі барысында пулеметтен абайсызда оқ атылып, салдарынан қатардағы жауынгер Сейтқали Ә. оқ жарақатын алып, көз жұмған.

Әскери прокуратураның мәліметінше, іс бойынша қадағалау барысында қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және қажетті дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу және процестік іс-шаралар толық көлемде жүргізілген.

Тергеу барысында батальон командирінің орынбасары қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етпегені анықталды. Сонымен қатар, ол бұған дейін өткізілген атыс жаттығуларынан кейін қаруды толық тексеруді ұйымдастырмаған.

Салдарынан қару ұңғысында қалып қойған оқ кейін оқыс атылып, әскери қызметшінің қаза болуына себеп болған.

Сот талқылауының қорытындысы бойынша аталған лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабы 2-бөлігімен («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Тегтер: әскери бөлімҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz