Халқымыздың дәстүрлі ән өнерін эстрада бағытымен шебер үйлестіріп жүрген өнер иесі қоғамдағы маңызды науқандардан ешқашан шет қалмайтынын айтады. Оның пікірінше, өнер адамдары тек сахнада ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді болуы тиіс.
«Өнер адамдары қоғамдық өмірде де белсенді болуы керек деп ойлаймын. Өйткені көп адамдар, әсіресе жастар сондай жандарға еліктейді, соларға қарап бой түзейді. Сондықтан конституциялық құқымызды пайдаланып, еліміздің ертеңі үшін дауыс беріп жатсақ, бұл да жастарға, айналамыздағы басқа да қоғам мүшелеріне үлгі болатыны сөзсіз», – деді Өмірқұл Айниязов.
Әншінің айтуынша, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, маңызды шешімдер қабылданатын сәттерде белсенділік танытуы қоғам үшін маңызды.




