Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлихан Смайылов: Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді дамыту қажет

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматы облысының Қонаев қаласына барып, өңірдің мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты, деп хабарлайды AlatauNews.kz тілшісі Үкіміеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11.06.2022
Жаңалықтар

Облыс активіне жаңа облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевті таныстыра отырып, Әлихан Смайылов ҚР Президенті өңір басшылығының алдына бірқатар маңызды міндеттер қойғанын, оның ішінде облыстың басқару органдарын Қонаев қаласына көшіру, одан әрі экономикалық даму және әлеуметтік проблемаларды шешу жөніндегі міндеттерді белгілеп бергенін атап өтті.

«Біздің негізгі мақсатымыз – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту. Ол үшін жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу керек. Облыс әкімі ірі инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және қолданыстағы индустриялық аймақтардың әлеуетін барынша пайдалануға ерекше назар аударуы керек», — деді
Премьер-Министр.

Сондай-ақ Үкімет басшысы өңірдің аумақтық орналасу артықшылықтарын барынша пайдаланып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді дамыту, Алматы маңында азық-түлік белдеуін құру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов облыстың туристік кластерді дамыту әлеуеті де жоғары екенін атап өтті. Ол өңірдің экономикалық өсуінің негізгі драйверлерінің бірі бола алады.

«Халықты сапалы ауыз сумен, табиғи газбен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жаңғырту, тұрғын үй проблемаларын шешу және мектептерде үш ауысыммен оқытуды жою жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңызы зор», — деді Премьер-Министр. Сонымен қатар Үкімет басшысы жергілікті атқарушы органдардың жұмысы халықпен тиімді диалогқа негізделуі тиіс екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Аким Алматинской области Марат Султангазиев обратился к жителям региона

Николай Иващенко
11.03.2026

Бруцеллёз – профилактика и защита здоровья: какие профилактические меры проводят в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

Молодежь активно поддерживает проект новой Конституции страны

Николай Иващенко
11.03.2026

437,9 тыс. га засеют сельхозкультурами в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

Мужчина ударил ногой в живот соседке по даче в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz