Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Әлеуметтік желідегі видеодан кейін «ҚазАвтоЖол» түсініктеме берді

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы – Қорғас тасжолындағы көліктерді зақымдаған бетон бөлігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

«Әлеуметтік желіде тараған видеодағы жағдай ауыр жүк көлігі өткеннен кейін цемент-бетон жабынының бір бөлігі зақымдануынан болған. Көлік салмағының әсерінен бетон жабынның бір бөлігі үгітіліп, кейін сол жерден өткен жеңіл автокөліктер дөңгелектерін зақымдап алған», — делінген хабарламада.

Ұлттық компания мердігер ұйым жауапты жол қызметтерімен бірлесіп, салдарды жою бойынша жедел шаралар қабылдағанын атап өтті.

«Зақымдалған учаске норматив күйге келтірілді, көлік қозғалысы қалыпты режимде жүріп жатыр. Зардап шеккен көлік иелеріне келтірілген шығынды мердігер ұйым толық көлемде өтеді», — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» өкілдері.

Бұл дерек бойынша Полиция департаменті мердігер ұйымға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданды. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ауа температурасы көтерілген кезеңде цемент-бетон жабынының жай-күйіне тұрақты мониторинг ұйымдастырылып, қауіпті учаскелерде профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жағдай жауапты жол қызметтерінің бақылауында.

Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» мамандары республикалық маңызы бар Алматы – Шелек – Қорғас автожолының цемент-бетон жабыны бар учаскелеріне тексеру жүргізді.

«Тексеру нәтижесінде цемент-бетон плиталарының температуралық деформациялану белгілері бар 31 учаске анықталды. Ақауды алдын алу мақсатында 21 учаскеде қосымша деформациялық жіктерді кесу жұмыстары орындалды. Қалған 10 учаске бойынша жұмыс істеліп жатыр және мамандардың тұрақты бақылауында», — деп хабарлады ұлттық компания.

Фото: «ҚазАвтоЖол»

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қырағылық – киберқылмысқа қарсы қорған

Диана Ахметова
13.08.2026

Жол мәдениеті – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

Экологиялық мәдениет – өркениет өлшемі

Диана Ахметова
13.08.2026

Құқықтық қоғам – жарқын болашақ кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

Конституция: кеше, бүгін және ертең

Диана Ахметова
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz