Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

90 жастағы Төрткен Кененова Іле ауданында дауыс берді

Таңғы сағат 09:00-де Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы Мәдениет үйінде орналасқан №1062 сайлау учаскесіне еңбек ардагері Төрткен Кененова келіп, дауыс берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Құрметті жасына қарамастан, ол ел үшін маңызды науқанға жеке қатысуды жөн көрген. Ардагер сайлау учаскесіне туыстарымен бірге келді.

Төрткен Кененова — өңірге кеңінен танымал тұлға. Ол халық ақыны, композитор және күйші Кенен Әзірбаевтың қызы. Саналы ғұмырын еңбекке арнап, ел құрметіне бөленген азамат. Ол — Іле ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Құрметті өнер қайраткері, еңбек ардагері әрі қоғам белсендісі.

Жақында Төрткен Кененова 90 жасқа толды. Ол 1936 жылы Жамбыл облысы Красногор ауданындағы Отар теміржол станциясында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша бұл аумақ Қордай ауданына қарайды.

Бала күнінен музыка мен халық шығармашылығына жақын болып өскен Төрткен Кененова өнерге деген сүйіспеншілікті әкесі Кенен Әзірбаевтан дарытқан. Кейін ол әкесінің мол мұрасын сақтау жолында ауқымды жұмыс атқарды. Атап айтқанда, Кенен Әзірбаевтың әндерін «Қосылған қоңыр қазға ән мен үнім» және «Әнім қалсын» атты компакт-дискілерге жаздырып, жарыққа шығарған. Соның арқасында халық композиторының көптеген шығармасы қайта жаңғырып, кең тыңдарманға жол тартты.

Төрткен Кененова өмірінің елеулі бөлігін педагогика саласына арнады. Ол 30 жыл бойы халыққа білім беру жүйесінде еңбек етті. Ұзақ жылғы еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, 1981 жылы «КСРО халық ағарту ісінің үздігі», ал 1985 жылы Қазақстанның халық ағарту ісінің үздігі төсбелгілерімен марапатталған.

Қазіргі таңда да Төрткен Кененова белсенді өмір салтын ұстанып келеді. Сайлау учаскесіне келген ардагер қоғамдық өмірге араласу мен азаматтық ұстанымды білдіру әр адам үшін маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар ол қарттарға көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлық үшін ризашылығын жеткізді.

Дауыс бергеннен кейін Төрткен Кененова жиналғандарға ақ батасын беріп, тұрғындарға бірлік, келісім және амандық тіледі. Учаскеге келген азаматтар ардагердің жылы сөзін зор құрметпен қабылдады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қонаевта Наурыз кең көлемде тойланды: этноауыл, концерт және ағаш отырғызу акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz