Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2024 жылы 16 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қорлан Нұрланқызы
25.11.2024
Жаңалықтар

2024 жылдың басынан бері 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен қауышып, қандас мәртебесіне ие болды. Жалпы, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ қоныс аударды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Келушілердің елдер бойынша үлесі:

  • 45,9% – Қытай;
  • 39,2% – Өзбекстан;
  • 5,8% – Моңғолия;
  • 5,2% – Түрікменстан;
  • 2,8% – Ресей;
  • 1,1% – басқа елдер.

Қоныс аударушылардың жас құрылымы:

  • 57,4% – еңбекке қабілетті жаста;
  • 33,2% – еңбекке қабілетті жастан кіші;
  • 9,4% – зейнеткерлер.

Еңбекке қабілетті қандастардың білімі:

  • 17,8% – жоғары білімді;
  • 24,8% – орта кәсіби білімді;
  • 54,4% – жалпы орта білімді;
  • 3% – білімі жоқ.

Қоныстандыру өңірлері:
Қандастардың басым бөлігі Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды.

2024 жылға қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. Қазіргі таңда бұл өңірлерге 2 841 қандас көшіп келді.

Мемлекеттік қолдау шаралары:

  • Көшуге субсидия: әр отбасы мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге).
  • Тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге төлем: ай сайын 15-30 АЕК (55,3-110,7 мың теңге) бір жылға дейін.
  • Экономикалық ұтқырлық сертификаты: тұрғын үй құнының 50%-ын немесе 4,28 млн теңгеге дейін өтеусіз төлеу.

2024 жылғы қолдау нәтижелері:

  • 2 390 қандас мемлекеттік қолдауға ие болды.
  • 763 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Елшіліктер арқылы қандас мәртебесін беру пилоттық жобасы нәтижесінде этникалық қазақтар Қазақстанға келмей-ақ мәртебе алуға мүмкіндік алды. 2023 жылы осы тәсіл арқылы 21 166 өтініш қабылданды.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz