Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

19 адам уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Алматы облысының Боралдай кентінде қоғамдық тамақтану орнында дайындалған өнімдерді тұтынғаннан кейін 19 адам тағамнан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға «Алатау» базары аумағында орналасқан Sushi Time қоғамдық тамақтану орнында болған. Зардап шеккен тұрғындар медициналық көмекке жүгінгеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, денсаулық сақтау мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар шұғыл түрде іске кірісті.

Қазіргі уақытта Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар зертханалық сараптама жасау үшін тағам өнімдерінен сынамалар алып, материалдарды уәкілетті органдарға жолдаған.

Ведомствоның мәліметінше, тексеру аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанға дейін Sushi Time қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды.

Мамандар тағамнан уланудың нақты себептері зертханалық зерттеулер мен тексеру нәтижелері шыққаннан кейін белгілі болатынын атап өтті. Тексеру қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жарияланады.

Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тұрғындарды қоғамдық тамақтану орындарын таңдауда мұқият болуға шақырды.

«Жаз мезгілінде қоғамдық тамақтану орындарын таңдауға ерекше мән берген жөн. Нысандардың санитариялық жағдайына және тағам өнімдерінің сақталу талаптарына назар аудару қажет. Құсу, диарея немесе дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалған жағдайда өздігінен ем қабылдамай, дереу медициналық көмекке жүгінген дұрыс», – деп хабарлады Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Браконьерлікке тосқауыл: Балқаш аудандық соты заңсыз балық аулағандарға үкім шығарды

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Алматы мен Алматы облыстарында электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Алматы облысында Құрылтай депутаттарын сайлау үшін 683 сайлау учаскесі ашылады

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Алматы облысының таулы аймағындағы өрт толық сөндірілді

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Алматы облысы агроөнеркәсіп өнімдерін 50-ден астам елге экспорттап отыр

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz