Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ердоған Тоқаевты cәуірде өтетін Дипломатиялық форумға шақырды

Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026
Жаңалықтар

Ең алдымен Қазақстан және Түркия президенттері Ораза айт пен Наурыз мерекелеріне орай бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді.

Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады.

Түркия президенті аталған оң өзгерістер Қасым-Жомарт Тоқаевтың парасатты әрі батыл саясатының нәтижесі екенін атап өтіп, Негізгі заң Қазақстанның одан әрі қарқынды дамуына, сондай-ақ ішкі және халықаралық әлеуетінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті түрік байқаушыларының референдумға белсенді атсалысқаны үшін алғыс айтып, мұны бауырлас әрі достас елдер қарым-қатынасының бір көрінісі ретінде бағалады.

Режеп Тайип Ердоған биыл 14 мамырда Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына және осы сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне айрықша мән беретінін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысының Астанада ұйымдастырылатын жоғары деңгейдегі келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестігіне тың серпін беру тұрғысынан аса маңызды деген пікірін құптады.

Сонымен қатар Түркістандағы түркітілдес елдер басшыларының саммитіне үлкен үмітпен қарайтынын айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, қазақ халқы Түркия президентін еліміздің төрінде қуана қарсы алады.

Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысын cәуірде Анталияда өтетін Дипломатиялық форум отырысына қатысуға шақырды.

Қазақстан Президенті шақыруды ықыласпен қабыл алды.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz