Синоптиктердің мәліметінше, республиканың шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде. Сондай-ақ батыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі мен дауыл соғуы ықтимал. Тек еліміздің солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады деп болжануда.
Дүйсенбіге қараған түні бірнеше облыста үсік жүруі мүмкін. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейді.
Ауа райының құбылмалылығына қарамастан, бірқатар өңірде өрт қаупі әлі де жоғары. Жоғары өрт қаупі Қызылорда, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында байқалады. Ал төтенше өрт қаупі Қызылорда облысының шығысында, Абай облысының орталығы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының оңтүстік-шығысында тіркелген.





