Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Қонаев қаласының әкімдігі елдімекендер шекарасының өзгеруіне байланысты мәлімдеме жасады

02.11.2023
Сұхбат

Шаһар басшысы Нұрлан Құматаевтың айтуынша, Заречный ауылдық округінің (Заречный, Арна ауылдары) 9757 гектар жері «G4 city» жобасының құрамына енуіне байланысты тұрғындар негізсіз қауіптеніп отыр. Ол аталған өзгерістің халықтың тұрмыс-тіршілігіне еш әсер етпейтінін атап өтті. Себебі, тұрғындар қазіргі әлеуметтік және әкімшілік орталықта қызмет алатын болады.

«Мұндай өзгерістер «G4 city» жобасының жүзеге асуы үшін жасалып отыр. Біз ауылдық округ тұрғындарына әлеуметтік және әкімшілік қызметтер көрсетуді ары қарай жалғастыра береміз. Оның үстіне, қазіргі таңда көптеген мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Балаларды балабақшаға кезекке қою, мектепке оқуға беру – барлығы да электронды формада реттеледі. Ауыл халқының тыныс-тіршілігі үнемі назарда», — деді Нұрлан Құматаев.

Бұдан бөлек, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Айман Ракишева алдағы уақытта елдімекен жұрты Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі медициналық мекемеде ем қабылдайды деген пікірді теріске шығарды.

«Заречный ауылдық округінің тұрғындары біздің ауруханада емделеді. Сондай-ақ ауылда дәрігерлік амбулатория бар екенін естен шығармағанымыз жөн. Бізге жүгінген әр науқасқа толыққанды медициналық көмек көрсетіледі», — деді аурухана басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 31 қазан күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХІІІ сессиясы өтті. Жиында Қонаев қаласы мен Алматы облысындағы ауылдық округтердің шекарасын өзгерту туралы мәселе қаралды.

Қонаев қаласының шекарасы өзгереді

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

«Орталықтар жетіспейді»: облыс әкімі Талғардағы проблеманы көтерді

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz