Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысындағы арнайы экономикалық аумақтың атауы өзгереді

Мұны Қонаев қаласының тұрғындарымен кездескен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.

18.10.2023
Сұхбат

Мемлекет басшысы биылғы Алматы облысына сапарында «G4 City» жобасын жеке қала ретінде бөлуді зерделеуді тапсырды. Марат Сұлтанғазиев осыған байланысты жүзеге асатын жоспарлар мен өзгерістер жайлы айтты.

«Алматы агломерациясының дамуына «G4 City» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) негіз болады. Алдағы уақытта атауы өзгереді», — деді облыс әкімі.

Мұнда 2048 жылға дейін шамамен 3,7 трлн. теңге көлемінде инвестиция тарту, құны 17 трлн. теңгеден астам қызметтер мен тауарлар өндіру, сондай-ақ 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған.

«Биыл «G4 City» жобасының Бас жоспарының тұжырымдамасы қабылданды. Болашақта мұндағы АЭА-ны Қосқұдық теміржол станциясына дейін созу жоспарланып отыр. Жаңа индустриялық аймақта фармацевтика, тамақ өнеркәсібін дамыту көзделген», — деді өңір басшысы.

Әкім индустриалды аймақтар (ИА) жөніндегі жаңалықтармен де бөлісті.

Алматы облысында инвесторларды көптеп тартып, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында жалпы аумағы 1 370 га болатын 4 ИА бар:
1) «Береке» – 27 га
2) «Қайрат» – 198 га
3) «Шелек» – 244 га
4) «Қазбек бек» – 900 га.

Өңір басшысының сөзінше, бұл аймақтарда құны 143 млрд. теңге болатын 14 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Ал Қонаев қаласына келсек, шаһарға қарасты «Арна» өндірістік аймағы жұмыс істеп тұр.

«Мұнда жалпы құны 150 млрд. теңгеден асатын инвестициялық жобалар іске асырылады. Электр энергиясының тапшылығын жою және өнеркәсіп орындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында бұл аймаққа қуаты 150 МВт қосалқы станция салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Оған 81 млн. теңге қаржы бөлінді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

«Орталықтар жетіспейді»: облыс әкімі Талғардағы проблеманы көтерді

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz