Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Жетібай кен орнында жарылыс болып, жұмысшы қаза тапты

Жетібай кен орнында дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жарылыс болып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды alataunews.kz.

02.05.2023
Арнайы жоба

Мangystaumedia.kz жазуынша, жазатайым оқиға «Жетібаймұнайгаз» ӨБ № 5613/28 ұңғымасында («Великая Стена» БК ЖШС (Бұрғылау бригадасы ХДЕС — №56) болған.

«Маңғыстаумұнайгаз» баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын ала деректер бойынша «Жетібаймұнайгаз» ӨБ № 5613/28 ұңғымасында «Великая Стена» БК ЖШС (ХДЕС-56 бригадасы) монтаждау жұмыстарын жүргізді, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Газбен дәнекерлеуші, ҚР азаматы, оқиға орнында қаза тапты. Ал бұрғылау қондырғысының шебері, ҚХР азаматы басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері келді. Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

«Сондай-ақ «Великая Стена» БК ЖШС тарапынан жазатайым оқиға туралы жедел түрде Маңғыстау облысының Еңбек басқармасына, осы жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізу үшін Маңғыстау облысының индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментіне хабарлама жіберілді», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Еңбек Басқармасы басшылық ететін комиссия құрылуда. Жазатайым оқиғаны тергеуді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы жеке бақылауға алды, тергеу белгіленген мерзімде жүргізіліп, кінәлі адамдар ҚР заңнамасына сәйкес жазаланады.

Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Тегтер: жарылысЖетібайжұмысшыКен орын

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шілде айында жұмыс іздеушілер саны артты: қай салада сұраныс жоғары?

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Қонаев гарнизонында Арнайы операциялар күштерінің «Nomad» курсы басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Тәуелділікке тәуелсіз болайық

Диана Ахметова
06.08.2026

Абай болсақ, апаттың алдын аламыз

Диана Ахметова
06.08.2026

Конституциялық реформалар: қоғам сұранысына жауап

Диана Ахметова
06.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz