- Жетісу облысы әкімінің өкімімен Алмат Тоқтарбекұлы Үшкемпіров Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Алмат Тоқтарбекұлы Үшкемпіров
1982 жылы туған, білімі жоғары. Қазақтың спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт», Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдарда Алматы қаласындағы №1 олипиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің нұсқаушы-әдіскері, Жамбыл ауданы Беріктас орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы, директордың орынбасары, Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, Алматы облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының, туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.
2021 жылдың қаңтар айынан — Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары.
- Жетісу облысы әкімінің өкімімен Арман Серікұлы Жансенгіров Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Арман Серікұлы Жансенгіров
1985 жылы туған, білімі жоғары. С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы қалалық көпсалалы ауруханасының хирургия бөлімшесінің хирург дәрігері болып бастаған.
Әр жылдарда ҚР ҰҚК Орталық әскери госпиталі эндоскопия бөлімшесінің басшысы, Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының хирургия бөлімінің хирург дәрігері, Алматы облысы Көксу аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары, Талдықорған қаласының облыстық ауруханасының эндоскопист дәрігері, аурухана директорының орынбасары, №2 Талдықорған қалалық емханасы директорының орынбасары, Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының бас маманы қызметтерін атқарды.
2022 жылдың қарашасынан Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды.
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Момыш Елтайұлы Махметов Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Момыш Елтайұлы Махметов
1985 жылы туған, білімі жоғары. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Талдықорған қаласы Заречный ауылындағы №23 орта мектептің бухгалтері болып бастаған.
Кейін Алматы облысының қаржы басқармасында жетекші маман, Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінде жетекші маман-жетекші қазынашы, бас маман-бас қазынашы, бірнеше бөлімдердің бастығы, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, Қоршаған ортаны қорғау, сол сияқты Қоршаған орта және су ресурстары министрліктеріндегі Экономика және қаржы департаментінде басқарма басшысы, Энергетика министрлігі бюджет және қаржылық рәсімдер департаментінің орынбасары, әкімшілік жұмысы департаментінің директоры болып қызмет етті.
2022 жылдың ақпанынан Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды.
- Жетісу облысы әкімінің өкімімен Саят Маратұлы Қараласов Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Саят Маратұлы Қараласов
1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын «темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы», Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық уиверситетін «құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Тоннельный отряд 1» ЖШС жұмыскері болып бастаған.
Кейіннен Алматы қаласы құрылыс департаментінің жетекші маманы, құрылыс басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, «ЭКСПО-2017» АҚ «ҰК» Астана ЭКСПО-2017» құрылыс департаментінің бас менеджері, Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бірнеше бөлімдерінде басшы болды.
2022 жылдың наурызынан — Алматы облысының құрылыс басқармасының басшысы.
- Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ғалымжан Темірғалиұлы Дәрібаев Жетісу облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ғалымжан Темірғалиұлы Дәрібаев
1988 жылы туған, білімі жоғары. Талғат Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Талдықорған қаласында Алматы облысы қаржы басқармасының компьютер құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі операторы болып бастаған.
Әр жылдарда Алматы облысының қаржы басқармасында жетекші маман, бас маман, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2021 жылдың наурызынан Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.