Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда ерлі-зайыптылар алаяққа 1 млн теңгеге жуық ақша аударған

Ерлі-зайыптылар желідегі сайттардың бірінен тұрмыстық техника сатып алмақ болған. Жалған сатушы бірнеше тауарды ұсынып, олардың қызығушылығын оятқан. Осылайша олар алаяқтың шотына үш рет ақша аударған, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

08.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Ол өзінің Тараздан екенін айтты. Қазір жүктерді ауыр жүк көлігіне тиеп жатқанын, тоңазытқышты бірнеше сағатта тегін жеткізіп беретінін айтты. Әскери адам болғандықтан, басқа жаққа іс-сапарға кететіні жайлы айтып, жағдайын түсіндіргендей болды», – дейді зардап шегуші жұп.

Ер адам басқа да жиһаз, ойын приставкасы мен тұрмыстық техника сатып алуды ұсынған. Барлығы жаңа болып көрінгендіктен, ерлі-зайыптылар тауар үшін ақшаны бірден аударып жіберген. Кейін ер адам көлікке тиелген тауарлардың суретін жіберіп, байланысқа шығуды доғарған.

«Бірден полицияға жүгіндік. Барлық банк аударымдары тіркелді. Хабарламаларды түгел көрсеттік. Бір қызығы, тек WhatsApp мессенджері арқылы сөйлестік, телефоны үнемі сөндіріліп тұратын», – деді зардап шегуші.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, алаяқтар жалған нөмірлерді пайдаланады. Сондықтан, мұндай қылмысты ашу қиынға соғады.

«Қазір И. есімді азаматтың арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тергеу жүріп жатыр. Жыл басынан бері Алматы қаласында интернет-алаяқтықтың 1 400 дерегі тіркелді», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция департаментінде интернеттегі қылмыстармен күресу үшін арнайы мамандар тобы жұмыс істейді. Олардың техникалық мүмкіндіктері алаяқтарды анықтауға жетеді, тек бұл ұзақ уақытты талап етеді.

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz