Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сенатта алдағы заң жобалары мен көшпелі отырыстар талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2024
Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың жетекшілігімен Палата бюросының отырысы өтіп, онда 7 қараша күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді. Сонымен қатар, сенаторлардың аймақтарда ұйымдастырылатын көшпелі отырыстарына дайындық мәселелері қаралды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Алдағы бейсенбіде Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылайды. Бұл заң сотта қорғалу құқығының құқықтық кепілдіктерін күшейтуге және сот жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған заңнамалық тетіктерді енгізуді көздейді.

Сонымен қатар, биыл маусым айында қабылданған Конституциялық заң аясында дербес кассациялық соттар құру мәселелері қарастырылады. Осыған орай, Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстеріне және өзге де заңдарға түзетулер енгізу жоспарланған.

Апта барысында сенаторлар құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Ақмола облысында, сондай-ақ аэроғарыш саласының дамуына қатысты Қызылорда облысында көшпелі отырыстар өткізеді. Сондай-ақ, олар «Прокуратура туралы» Конституциялық заңды іске асыруға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған кездесулерге қатыспақ.

Бюро отырысында Мәжілістен түскен заң жобалары тұрақты Комитеттерге бөлініп берілді.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы-Қорғас тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

Қазақстанда электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмірлер беріледі

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

Президент төрт заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық деректері 75 пайызға азайды

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz