Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оқушылар арасындағы жүйке-психикалық ауру көрсеткіші 2,7 есеге артқан

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мектеп оқушылары арасында өткен дәрігерлік тексерулердің негізгі көрсеткіштерін айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

07.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«2021 жылы тереңдетілген түрде дәрігерлік тексерумен мектептердегі 2 911 777 бала қамтылуы тиіс еді. Оның ішінде 2 480 540-ы тексеруден өтті. Былтыр Ақмола және Маңғыстау облыстарында оқушыларды медициналық тексеру үлесі төмен деңгейде болды», — деп жазды Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға жауап бере отырып.

Бұл тексерулерге жасалған талдауға қарағанда, бірінші орында көру органдарының патологиясы тұр. Бұл тұрғы 2021 жылы 60 490 оқушы, ал 2020 жылы 22 795 бала тіркелді.

Оның сөзіне қарағанда, оқушылардың көз көруінің нашарлауының негізгі себептері ретінде оларды ақпараттық технологияларға, білім беруді компьютерлендіру үрдісіне қатыстыру болып тұр. Яғни гаджеттер мен ұялы телефондарды пайдалану белсендігінің артуы, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жүктеменің шектен тыс болуы, көру қабілетін сақтау режимін елемеу сияқты мәселелер бар.

Екінші орында жүйке-психикалық ауруы тұр. Бұл ауру түрі 2020 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артқан (2021 жылы – 15 946, 2020 жылы – 5 872). Бұған психоэмоционалды жағдайдың көтерулі, әлеуметтік желі арқылы ақпараттық жүктеменің артуы, гаджеттерге психологиялық тәуелділік, тәулік ішінде дұрыс режимді сақтамау себеп болып отыр.

Үшінші орында оқушылардың арқа омыртқасының қисаюы мәселесі бар. 2021 жылы 6 112 балада сколиоз анықталды 2020 жылы – 2517. Осы орайда оқушылардың аз қозғалуы, мектеп жиһазының балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сәйкес келмеуі, орындыққа отыру кезінде талап етілетін тиісті ережелерді елемеу және басқа да кемшіліктер әсер етіп отыр.

Тегтер: Ералы Тоғжанов

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz