Тіпті көпірді шытынатып көрсететін арнайы экран дыбыс эффектісімен қойылады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жаңа жоба 2024 жылдың 1 қарашасында Алматы облысы, Кеген ауданында өткен ауқымды баспасөз турында таныстырылды.
Аспалы көпір Қытайдағы көпір секілді шыныдан салынады деп жоспарланып отыр. Жалпы көпірдің биіктігі 80 метр болса ұзындығы 170 метрді құрайды. Бір уақытта 500 адамды көтере алады дейді.
«ASK Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Қара шатқал» туристік аймағында аспалы көпір салуды жоспарлап отыр. Жобаны 2025 — 2026 жылдары жүзеге асады деп жоспарланып отыр.
Туристік аймақты дамыту үшін және «Қара каньонға» электр желісін тарту жұмыстары жақында қолға алынады. Қазіргі уақытта, «Қара шатқал» ЖШС-не 400,0 млн теңге инвестиция тартылды.
“Қазіргі уақытта, Қара шатқал жобасын іске асырудамыз 3 жыл ішінде 500 млн теңге инвестиция құюға дайынбыз. Мұнда 3 жыл ішінде 30 үй тұрғызылып, 3 түрлі котедж және 3 ресторан салынатын болады. Өздеріңіз білетін қазіргі уақытта экотуризм өте жақсы дамуда. Сондықтан шатырлы қалашық және хайтек стиліндегі үйлер салынатын болады”, — деп атап өтті кәсіпкер Көлбаев Сырым.
Одан бөлек, қосымша 3,5 гектар жерге балық аулау өндірісі салынатыны айтылды.
Сонымен қатар, инвестор мұнда келетін туристер үшін 2-3 күндік турлар жасауға да дайын екендігін айтты. Тіпті оларға суға жақындауға да мүмкіндік жасалады.
“Бұл жоба 1,5 млрд теңгені құрайды. Жоба СНГ бойынша ерекше болғалы тұр. Біздің салғалы тұрған көпіріміз Қытай еліндегідей шыныдан жасалатын болады. Жобамызда көпірді шытынатып көрсететін арнайы экран дыбыс эффектісімен қойылады деп жоспарлап отырмыз. Тіпті, туристтер көпірден жәй ғана өтіп қоймай көпірдің арғы бетіне көңіл көтеретін алаң жасалады және атпен серуендеу, квадрацикл сияқты ойын алаңдары болады. Жоба 2025 жылдың күз айында аяқталады”, — деді “ASK Capital” өкілі Манат Тагаев.