Мемлекет басшысы 2024 жылғы 8 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттелетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңда табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар салаларында 31-ге жуық түзету көзделген.
Мәселен, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
- электр энергиясы құнының өзгеруіне байланысты табиғи монополиялар субъектісінің тарифін уақтылы өзгерту мақсатында жылу энергиясын беру және бөлу саласы үшін электр энергиясын стратегиялық тауармен айқындау;
- жылу энергиясын бөлу және өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді біріктіру;
- табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді жоғарылату жағдайларын болдырмау мақсатында «Негізсіз табыс» ұғымын енгізу;
- табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараларды орындау сапасын арттыру мақсатында бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу үшін уәкілетті тұлғаларға қойылатын критерийлер мен талаптарды айқындау жөніндегі құзыретті уәкілетті органға беру;
- тарифке енгізілетін шығындардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополия субъектісінің меншігіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті кредиттік келісімдер мен сенімгерлік басқару шарттарын келісу, сондай-ақ олардың тәртібін регламенттеу;
- мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде ақпаратты орналастыру арқылы тұтынушылардың реттелетін қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- табиғи монополия субъектісіне төтенше жағдайлардың немесе авариялардың алдын алу үшін шұғыл жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бекітілген тарифтік сметада шығындар баптарын дербес қайта бөлуге құқық беру;
- жыл ішіндегі статистика деректері бойынша қалыптасқан өңірдегі экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметкерлердің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі негізінде бекітілген тарифті өзгертуге арналған өтінімді қарау мерзімдерін қысқарту;
- «Монополист» жаңартылған базасы арқылы техникалық шарттар беру.
Сонымен қатар, заңда газбен жабдықтау саласында қызмет көрсететін барлық субъектілерге баға белгілеу тәртібін мемлекеттік реттеу мен бақылауды тарату бөлігінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне түзетулер көзделген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі тікелей анықталған кезде ТМС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау бөлігінде түзету әзірленді, бұл өз кезегінде ТМС бұзушылықтарын анықтау бойынша жедел шаралар қабылдауға ықпал етеді.
Заң 2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап күшіне енді.
Жоғарыда көрсетілген барлық түзетулер тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу, тұтынушылар үшін реттеліп көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және мемлекеттік реттеу мен баға белгілеу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындауға және табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар салаларындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.