Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

“Қкзгидромет” РМК 9 қыркүйек еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Алматы облысының оңтүстік және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл маңында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстік және шығыс аудандарында тұман болады деп күтілуде. Облыстың батысы мен шығысында да жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының көп бөлігінде жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік және солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар, ал облыстың көп жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік, батыс және солтүстік бөліктерінде тұман түсуі мүмкін.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі, ал облыстың батысында күндіз шығыс және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Мұнда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі басым, ал солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Астанада түнде және таңертең тұман күтілуде.
Қостанай облысының солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарында тұман күтіліп, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батыс, оңтүстік және орталық аудандарында жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысының батыс, солтүстік-батыс және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстік және батыс аудандарында тұман болады.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел таулы аудандарда 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте де төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz