Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізімін қалыптастырады.

Мөлдір Иманмади
13.06.2024
Аймақ, Алматы облысы, Мақала
Фото: bnr.bg

Фото: bnr.bg

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларына реттеліп көрсетілетін қызметтер жатады:

1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеужәне Қазақстан Республикасының шегінен тыс жергеэкспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және(немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтықрезервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикігазды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдаужөніндегі;

2. электр энергиясын беру жөнiндегi;

3. топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электрстанцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларыныңсарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылуэнергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;

4. бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың;

5. сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың реттеліпкөрсетілетін қызметтері жатады.

Табиғи монополиялар субъектісі уәкілетті органға табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.

Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген тұлғалардың реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуіне жол берілмейтінін атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөлімі реттеліп көрсетілетін қызметтердің 125түрін көрсететін 100 субъектіні қамтиды, оның ішінде:

     • 11 газ тасымалдау субъектісі;

     • жылумен жабдықтау қызметі бойынша 13 субъекті;

     • сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 69 субъекті;

     • электр энергиясын беру бойынша 4 нысан;

     • Кірме жол қызметі бойынша 8 субъекті;

Заңның 26-бабы 2-тармағының 3-тармағына сәйкес табиғи монополиялар субъектісі осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге міндетті.

Сонымен қатар, белгіленген тарифсіз реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін тұлғалар анықталған жағдайда, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 3-бөлігінің негізінде: оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған кiрiс (түсiм) сомасының жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салумен әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға.

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz