Аталған петиция Сейілбек Жүністің бастамасымен жасалған.
Сейілбек Жүніс аталған сайтта: «былтырғы Аяжан Еділоваға байланысты іске, биылғы Жаркенттегі 15 жасар қыздың зорланып, азаптап өлтірілуіне бей-жай қарауға болмайды. Мұның бәрі қылмыскерлерге тағайындалған жазаның жеңілдігінен және осы баптармен сотталғандардың мерзімінен бұрын босатылып шығуынан болып жатқан жағдай. Сіздің қызыңыз ертең құрбан болмауына кім кепіл? Адам құқығы қорғалуы керек! Педофилдерді өлім жазасына кесіп, зорлау фактісі бойынша сотталғандарды мерзімінен бұрын босатпауымыз қажет. Себебі, бұлар адамшылықтан кетіп, адамдар тізімінен жойылған! Біз биліктен осыны талап етеміз! Біз Жаңа Қазақстанды педофилдерсіз көргіміз келеді», — деп жазған.
Қазіргі таңда петиция бүкіл әлеуметтік желілерге тарап, 830-ға жуық қол жинаған.