Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Халықаралық армия ойындары Қазақстанда өтеді

Тамыз айында елімізде халықаралық армия ойындары аясында «Тактикалық мерген» конкурсы басталады, деп хабарлайды Alataunews.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

01.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Әр елден келген әскери қызметшілер жауынгерлік шеберлігін жеке және топ құрамында көрсетіп, оқ атудан жарысады.

«Армия халықаралық ойындары шеңберіндегі «Тактикалық мерген» сайысы Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында өтеді. Бұл ойын алғаш рет өткен жылы Ресейдің Рязань қаласындағы оқу-жаттығу полигонында өткізілген болатын. Ол жерде біздің құрама үшінші орын алған», — деді Қарулы күштер арнайы операциялар қолбасшысының орынбасары, полковник Абай Абдуллаев.

Шарт бойынша қатысушы ел он адамды іріктеп жібергеннен кейін, олар төрт конкурстың аясында өткізілетін төрт кезеңге қатысуға дайын болуы керек. Бірінші кезең барысында жеке дара дайындығы тексеріледі. Әр мерген қысқа мерзім ішінде нысананы айқындап және оны жоя білуі керек. Екінші кезеңде, жауынгерлік жұптардың өзара іс-қимыл жасай білу деңгейі тексеріледі. Үшінші кезең барысында топ құрамында іс-қимыл жасауы керек. Төртінші кезең – конкурстың ережеден тыс «Дуэль» атты сынақ.

Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданғаннан бері оған қатысуға биыл 12 ел ниет білдірген. Орта Азия елдерінен Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей құрамасы, Қытай және Мали, Никарагуа сияқты елдердің әскерилері бақ сынайды.

Тегтер: Қазақстанхалықаралық

Соңғы жаңалықтар

Мәңгілік ел идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Президент

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Alatau City-де Қазақстандағы алғашқы eVTOL аэротаксиі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Бас прокуратура халықаралық форумда инвесторларды қорғау тәжірибесін ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Тоқаев Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумға қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Еңбекшіқазақ ауданында ұстаздар арасында «UstazQuiz» Супер кубогы өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz