Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әдеп сақтамаған әкімдіктегілерді тәртіпке салды

Бүгін, 23 мамырда Қонаев қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
23.05.2024
Мақала
Фото: fractus.com.ua

Фото: fractus.com.ua

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Алғашқысы Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округінің әкімі Е.Жунусовтың ісі. Шағымданған тұрғын мен ауыл әкімі арасында дау туған. Артынша Жунусов ашуға бой алдырып, балағат сөзге жол берген. Қазіргі уақытта, тұрғын мен әкім бірімен соттасып жатқан көрінеді. Ауыл әкімі кінәсін толығымен мойындап, ортақ шешімге келу мәселесін қарастырып жатқанын айтты. Дегенмен, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Арсен Абзалұлына шағымданушы тарап оны бірінші провокацияға шақырғанын және мүлкіне зақым келтіргенін есепке алуын сұрады.
Өз кезегінде, Арсен Жақыпов қандай жағдай болмасын мемлекеттік қызметшінің мұндай әрекетке жол бермеуі қажет екенін тілге тиек етті.

«Мемлекеттік қызметте мұндай жағдайлар жиі болады. Бірақ не айтылса да, Сіз мемлекеттік қызметші ретінде әдептілікті сақтауға міндеттісіз. Сонымен қатар, бұл екінші рет қайталанып тұр. Өткен жолы да осыған ұқсас мәселе бойынша тәртіптік жазаға тартылдыңыз. Осы жолы ескерту жасаймыз. Бірақ үшінші рет қайталанатын болса, орныңызды босатуыңызға тура келеді», — деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облыстық департаментінің басшысы Арсен Жақыпов.

Сонымен қатар, Талғар ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Зәуре Сұраншиноваға ауданда мұндай жағдайлардың көптеп кеткенін, сондықтан тиісті шараларды күшейтіп, мемлекеттік қызметшілермен жиналысты жиілету қажет екенін айтты.

Кеңес мүшелерінің шешімімен Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округінің әкімі Е.Н. Жунусовке Әдеп кодексінің 6-тармағы 4) тармақшасын бұзғаны, яғни азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытпай, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсітіп, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бергені, өзінің әрекеттерімен және мінез- құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болғаны үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Одан бөлек, отырыс барысында Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі департаментінің Алматы облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкілі Б.Ә. Шанкереевтің қызмет нәтижелері тыңдалды. Қызмет барысында, жұмыс уақытында тағы бір мемлекеттік қызметшінің алкогольді сусын тұтыну фактісі анықталғанын және тиісті жаза қолданылғанын айтты.

Алматы облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Жолмырзаұлы аудан әкімдерінен бастап мемлекеттік қызметшілерге жиналыс өткізіліп, әдеп нормасын сақтау туралы нақты айтылғанын, осы бойынша жұмыстың күшейтілетінін жеткізді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облыстық департаментінің басшысы әрі Кеңес отырысының төрағасы Арсен Жақыпов осы бағытта мемлекеттік қызметшілерге әдеп сақтауды үйрететін курстарды ұйымдастырып жатқандарын хабарлады.

“Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерге арнайы курстар ұйымдастырып жатырмыз. Онда түсініспеушілік кезінде өзін қалай ұстау керек, провокацияға берілмеу, мұндай кезде қолданылатын шараларды оқытамыз”, — деді ол.

Сөз соңында, мемлекеттік қызметшілерге артылған сенімді ақтап, жақсы нәтиже көрсетеді деген үмітте екенін жеткізді.

Тегтер: Арсен Жақыповәдеп жөніндегі уәкілБасты жаңалықтарМемлекеттік қызмет істері агенттігімемлекеттік қызметші этикасы

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz