Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

2025 жылға қарай Алматы жолдарының 95%-ы жөнделеді

Қазір Саин – Мөңке би көшелеріндегі жол айрығының құрылысы бойынша дайындық жұмыстары басталды. 2025 жылға қарай Алматы жолдарының 95%-ы жөнделеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

28.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Бүгін ол өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мегаполистің жол инфрақұрылымын дамыту туралы мәлімдеді. Е. Абжаханның айтуынша, Алматы қаласының көше-жол желісінің ұзындығы 3096 шақырым, оның 234 шақырымына асфальт төселмеген.

«Біз 2025 жылға қарай  қаладағы жақсы жолдардың үлесін  95%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін 234 км жаңа жол саламыз, жыл сайын кемінде 200 км жолға орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз», — деді спикер.

Е. Абжахан жолдардың құрылысы туралы айта келе, Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі және Саин көшесі – Мөңке би көшесі үш жолайрығының құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бұқтырма – Құлжа трактісі көшелерінің қиылысындағы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жер учаскелерін сатып алу аяқталды. Қаражат толық көлемде бөлінді.

«1 қыркүйекке дейін эстакада мен пандустарды салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, сол арқылы барлық бағыттар бойынша көліктердің жүруін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Абаттандыруды ескере отырып, толық аяқтау мерзімін 2022 жылдың соңына дейін белгілеп отырмыз», — деді әкімдіктің ҚМБ өкілі. Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жұмыстар да сатып алынған учаскелерде жүргізіліп жатыр. Тапсыру мерзімі 2023 жылға жоспарланған.

Саин — Мөңке би көшелеріндегі жол айрығының құрылысы бойынша дайындық жұмыстары басталды. Биыл коммуникацияларды қайта құру және айналма жолдарды салу бойынша жұмыстар жоспарланды. Жұмыс келер жылдың соңында аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

Штормовые предупреждения объявлены в ряде регионов Казахстана на 26-27 февраля

Николай Иващенко
26.02.2026

Минэкологии РК прокомментировало информацию в соцсетях о падеже сайгаков

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz