Бұл туралы облыстық әкімдіктің алқа отырысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Құдабаев мәлімдеді. Облыста 239,7 мың гектар суармалы егістік бар. Жерді суару негізінен борозда суару (әдеттегі жер үсті суару) арқылы жүзеге асырылады.
Су үнемдеу технологияларын пайдалану 18,1 мың гектарға (7,6%, оның ішінде 8,0 мың гектарға тамшылатып суару, 10,1 мың гектарға жаңбырлату) қолданылады. Биыл 19,2 мың гектар (тамшылатып суару – 9,0 мың гектар, жаңбырлатып суару – 10,2 мың гектар) жерге су үнемдеу технологияларын қолдануды жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы су беру қызметі құнының бір бөлігін субсидиялауға облыстық бюджеттен 661,2 млн теңге бөлінді.
Бұдан бөлек, облыста жаңа суару желілерін салу, 5 жаңа су қоймаларын, сорғы станцияларын салу, ұңғымалар орнату есебінен қосымша 24,7 мың гектарға суармалы жерді қосу жоспарланып отыр. (Балқаш ауданында – 2500 гектар, Кеген ауданында – 3000 гектар, Райымбек ауданында – 5850 гектар, Ұйғыр ауданында – 2700 гектар, Іле ауданында – 5700 гектар, Қонаев қаласында – 5000 гектар).