Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3,6%-ға артты

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Құдабаев облыс әкімдігінің алқа отырысында жартыжылдықтағы өңірлік АӨК көрсеткіштерін өткен жылмен салыстыра отырып осылай деді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

26.07.2022
Жаңалықтар, Сұхбат
agroinfo.kz

agroinfo.kz

Басқарманың мәліметінше, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ірі қара мал басы 776,6 мың басқа жетіп, 4,8%-ға көбейген. Қой мен ешкі – 2988,0 мың (9,0%), жылқы – 251,1 мың (8,3%), түйе – 7,4 мың (1,5%), үй құстары – 10 189,1 мыңға (18,0%) өскен.

Тірі салмақта өндірілген ет көлемі 131,6 мың тоннаны (2,4%), тиісінше сүт – 255,0 мың тоннаны (0,6%), жұмыртқа – 275,8 млн дананы (66,7%) құрайды.

Бұл ретте жеке үй шаруашылығында 49,4% ІҚМ (384,3 мың бас), 36,5% ҰММ (1091 мың бас), 45% жылқы (112,4 мың бас), 0,07% түйе (500 бас), 0,07% құс (717,7 мың бас) бар. Оларға өндірілген ет 34,8%, сүт 67% және жұмыртқаның 15%-ы тиесілі.

Сондай-ақ жеке шаруашылықтағы мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру үшін асылдандыру жұмыстары, жайылымдық жермен қамтылуы және төмен бағада мал азығын алу жолдарының маңыздылығы да айтылды. Облыс көлемінде асыл тұқымды көбейту, түрлендіру мақсатымен ірі қара малдың аналық басымен 29,7% (113,6 мың бас) қамтылды.

Тегтер: Дастан Құдабаев

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz