Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жолдарды дұрыс күтіп ұстамағандар жұмыстан шығарылды

Жолдарды дұрыс күтіп ұстамағаны үшін жол қызметінің жұмысшылары жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Көлік прокуратурасының мәліметінше, қадағалау іс-шаралары жол қызметтерінің жұмысы жолдарды метеорологиялық факторлардың әсерінен тиісті қорғауды қамтамасыз етпейтінін көрсетті.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қажсервис» ЖШС аумақтық филиалдарында қар тазалау техникасы мен көктайғаққа қарсы материалдардың тапшылығын анықтады.

«Температураның күрт өзгеруі мен қардың түсуі кезіндегі бұл жағдай Солтүстік Қазақстан облысының республикалық жолдарындағы жол қозғалысын қиындатып, оның қатысушыларына қауіпсіздікке тікелей қауіп төндірді. Сондай-ақ Шымкент көлік прокуратурасы осыған ұқсас заңдылықтың жай-күйіне жүргізген талдау нәтижелері де Түркістан облысының республикалық жолдарын күтіп ұстау үшін жол техникасының қажетті санының жоқтығын айғақтайды», — деп атап өтті құзырлы орган өкілдері.

Нәтижесінде, өткен жылдың 12-15 желтоқсаны аралығында қарлы боран мен қар жауған кезде кешіктірілген тазалау жұмыстары Шымкент-Тараз бағыты бойынша көлік ағынын тоқтатқан (50-ге жуық автокөлік құралдары жолдарда «тұрып қалды»).

«Анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін прокуратуралармен автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың атына ұсынулар енгізілді. Прокуратураның қадағалау актілерінің бірі бойынша лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 11 қызметкермен және «Қажсервис» ЖШС Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директорымен еңбек шарттары бұзылды.

Тағы біреуі бойынша – қызмет көрсететін мердігерлерге 1,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар көлік прокурорларының араласуынан кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ алдағы уақытта ел өңірлеріне тарату үшін 245 бірлік қосымша жол техникасын сатып алуға бағытталған іс-шаралар жүргізуде.

Көлік прокуратурасы органдарының қыс мезгілінде халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі уәкілетті органдар мен ұйымдар қабылдайтын шаралардың толықтығы мәселелері тұрақты бақылауына алынды.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 778 мыңнан астам әйел тұрады — статистика

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Таяу Шығыстан 2,4 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды – СІМ

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz